коучинг туралы рефлексивтік есеп- это коучинг туралы рефлексивтік есеп

Коучинг жүргізу саласында алған білімім туралы рефлексивтік есеп Бүгінгі таңдағы оқушылардың оқуы мен оларды оқытуда анағұрлым танымал әдіс-тәсілдердің бірі-сындарлы оқыту теориясы. Осы теория бойынша оқушыларға негіздей білім беруде мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру үшін олармен коучинг жүргізуді жоспарлаған болатынмын. Жұмыс барысында коуч сөзінің аудармасы тәлім ету, дайындау, жаттықтыру екенін, тарихи шолу және мектептегі коучинг пен тәлімгерліктің жеті ұстанымдарды айтуды ескердім. Жалпы алғанда,мектептегі тәжірибе жинақтаудың алғашқы күндері мұғалімдермен өткізілген әңгіме нәтижесінде олардың арасында оқу мен оқытудағы соңғы жаңалықтарға қызығушылығы басым,жаңалыққа жаны құмар мұғалімдердің бар екендігін байқадым. Осы мұғалімдердің қатарынан оқыту тәжірибелерін дамытуға ынталы ұстаздар сұраныс білдірген болатын. Жүргізілген коучинг сабақтардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген оқыту әдістемесінен жинақтаған тәжірибелерін бірлесе отырып ортаға салып, бір-бірімізбен пікір алмасып,оларды диалогқа тарту негізінде оқытудағы жұмыстарын дамыту, кәсіби білімін, игерген дағдыларын қалыптастыруды, жетілдіруді ойластырсам дедім. Коучинг жүргізу барысында әріптестер бірлесе отырып оқыту мен оқуды зерттеулер туралы пікір алмасуға, болашақта бағалау нәтижелерін негізге ала отырып оқыту мен оқу қызметін жетілдіру үшін олардың тиімді деңгейі бағалау керектігі, мектептегі барлық оқушыларды оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы іс-әрекеттерді зерттеу жүргізуді сөз еттік. Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен танысып кеттік. Коуч сөзіне де түсіндірме жүргізілді. Әңгіме сұхбаттың қызу талқылауға түскені сонша мұғалімдердің көздерінен тағы да біле түссек деген ойды оқуға болатыны сөзсіз еді. Мұны бірлесе отырып пікірлескенде олардың қойған сұрақтарынан да анық аңғарар едің, осы себептен өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде болдым. Бірақ қобалжуым басылмады. Өйткені оқушыларға өткізген сабағымда өзімді жайлы, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, сабақ төңірегінде берілген тапсырманы ғана түсіндірсем болды, сабақ мақсатына жетіп отырады деген пікірде болатынмын. Ал мұғалімдермен өткізген коучингімдегі іс-әрекет мүлде басқаша. Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін өзімді сенімді ұстадым, бағдарлама идеясын түсіндіруге тырыстым.

Предлагаем Вам так же ознакомиться с другой информацией по ссылке:
коучинг ударение

Если вас интересует коучинг, то можете ознакомиться со всей информацией перейдя по данной ссылке: Коучинг

Вы всегда можете ознакомиться с нашим проектом подробнее на главной странице нашего сайта Колесниченко

Если Вы хотите стать автором данной статьи, напишите личное собщение по электронной почте и мы разместим Вашу статью и информацию о Вас на нашем сайте!

Отзывы коучинг туралы рефлексивтік есеп

 

 

Фото коучинг туралы рефлексивтік есеп

<img>

 

Видео коучинг туралы рефлексивтік есеп

Уважаемые пользователи! На сайте ведутся технические работы! Спасибо за понимание! Все вопросы Вы можете задать по почте и мы обязательно в кротчайшие сроки ответим Вам!

Так же Вам было бы интересно ознакомиться:
коучинг ударение